386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде көмір арзан бағамен сатылып жатыр

  • 103
  • UPD: 18:02, 15.08.2019
Өскеменде көмір арзан бағамен сатылып жатыр BNews.kz

Өскеменде көмір кезегінде қарбалас болмауы үшін тиісті шаралар атқарылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілденің басынан бастап қаладағы екі бірдей қоймадан әлеуметтік бағадағы көмір беріліп жатыр. Отынның бір тоннасы 8 мың 750 теңгеден сатылуда. Оны аулаға дейін жеткізу ақысы да әдеттегіден төмен, 3-6 мың теңге көлемінде. Әзірге жеке сектор тұрғындары тарапынан 2 мың 500 өтініш түсіп, оның 2 мыңға жуығы отын алып үлгеріпті. Әлі бұл санатқа арналған 30 мың тонна көмір бар дейді мамандар. Сондықтан олар күзгі қарбаластың алдын алу үшін тұрғындарды отынмен ертерек қамдануға шақырады. Өйткені өткен жылы қойма басында ұзын-сонар кезек түзіліп, біршама келеңсіздіктер орын алған еді.

Ерлан Жақыпов, қала әкімінің кеңесшісі:

– Әзірге қатты қарбалас байқалмайды,биыл бұл жұмыс жүйелендіріле түсті.Бүгінгі күні халықтың арасында көмірді ертерек күн салқындағанға дейін алу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат - ажиотажға жол бермеу.

Хабар 24 телеарнасы