385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы арт терапия даму орталығында 80 бала тегін емделіп жатыр

  • 95
Алматыдағы арт терапия даму орталығында 80 бала тегін емделіп жатыр

Осыдан екі жыл бұрын Алматыда арт терапия даму орталығы ашылған еді.

Есту және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған орталықтың жұмысы бүгінде оң нәтиже бере бастаған. Мұнда көбіне кохлеарлық импланттан кейін жас бүлдіршіндерге көмек көрсетіледі. Орталықта білікті сурдолог пен логопед және дефектологтар жұмысы істейді. Тәжірибелі хореграф, музыканттар да бүлдіршіндердің қабілетін ашуға көмектеседі. Қазір сауықтыру орталығында тек Алматыдан ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерінен келген 80 бала тегін емделіп жатыр. Олардың ата-аналарының осындай орталықтар еліміздің барлық қалаларында ашылса деген тілегі бар.   

Салтанат Нұртасова, ата-ана:

– Кохлеарлық имплантпен жұмыс жасайды екен. Әртүрлі мамандар бар. Сурдоудармашы, логопед, сурет өнерімен, пианино, домбырамен айналысатын мамандар бар деп естідім. Қуана Қызлордадан келіп, сәуір айынан бастап баламды оқытып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы