385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда нашар еститін балаларға арналған бөлім ашылады

  • 97
Талдықорғанда нашар еститін балаларға арналған бөлім ашылады

Талдықорғандағы есту қабылеті нашар балалар бұрын оқуға Алматыға баратын еді.

Былтыр инклюзивті білім беру жүйесінің енгізілуі нәтижесінде қаладағы екі колледжде арнайы топ ашылды. Сөйтіп ерекше күтімдегі балалар тіс технологы және компьютерлік дизайн мамандықтары бойынша білім ала бастады. Биыл үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тағы бір бөлім ашу жоспарланған. Оған қабылданатын студенттер де дизайнер мамандығын меңгереді. 

Айман Құсайынова, «Қазақ саңыраулары» қоғамының клуб меңгерушісі:

– Мектеп бітірген биыл – он бала. Бесеуі басқа қалаларға оқуға кеткен. Бес баланың құжатын политехникалық колледжге ұсынып отырмыз. Ол кісілерге жеке аудармашы беріледі.

Хабар 24 телеарнасы