386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырыла бастады

  • 71
  • UPD: 08:00, 16.08.2019
Павлодарда мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырыла бастады

Кеңсе тауарлары мен мектеп формалары қолжетімді бағамен саудаланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тауарларды нарықтағы бағадан 35%-ке арзан сатып алуға мүмкіндік бар. Бұл ата-аналар үшін қолайлы. Бүгінде кәсіпкерлер түрлі акциялар өткізіп жатыр. Жомарт жандар бір апта бойы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, балаларда жаңа оқу жылына жинауға атсалысады.

Айта кетейік, биылғы жылы 14 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Мирагүл Мұсабекова, қала тұрғыны:

- Екі балам бар. Бір форманың бағасы 20 мың теңгеден асып кетеді. Сондықтан осындай жәрмеңкелер аса қажет. Баға қолжетімді, тауардың сапасы көңілімнен шығады.

Хабар 24 телеарнасы