386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа автобус бағыттары ашылды

  • 85
  • UPD: 09:30, 16.08.2019

Шымкенттің іргесіндегі «Көкбұлақ», «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Игілік» тұрғын үй алабының халқы қалаға қоғамдық көлікпен қатынай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елді мекендер қалаға Түркістан облысының Ордабасы, Сайрам ауданынан қосылған болатын. Қазір мұнда №180 және 146 бағытта жаңа автобустар жолға шықты.

Айта кету керек, жуырда Шымшаһарда «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Бұл жоба аясында қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк жыл соңына дейін жаңа 1000 автобуспен толықтырылмақ. Сондай-ақ «қосымша тағы да 4 бағытты іске қосу жоспарда», - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар.

Айта кетейік, Шымкент қаласының жер көлемі соңғы бес жылда үш есеге ұлғайып, жаңадан 40 елді мекен қосылды. Сол себепті қаланың шеткері елді мекендерін қоғамдық көлік қызметімен қамту әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Мырзақасым Жиенбеков, «Көкбұлақ» тұрғын үй алабының тұрғыны:

- Мына елге көлік келтіру жөнінде, халықтың қалаға барып қатынауы жөнінде, қиналғаны туралы көптеген адамдардан ұсыныс болған. Сол бір аптаға жетпестен бізге қазір 180 деген маршрут қазір ара қашықтығы 10-15 минуттан келіп жатыр.

Наурыз Сүгірәлиев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Асар, Ақжайық, Қайтпас шағын аудандарына да қосымша жаңадан бағыттар ұйымдастыру жоспарлануда. Оның алдында біз 12 бағыт ұйымдастырдық. Қаланың орталығына, одан кейін қаланың шеткі аудандарына да қатынап жатыр. Автобус жеткілікті. 300 автобус Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы алып жатыр. Сол жоспарлаған бағыттарға қызмет көрсететін болады.

Хабар 24 телеарнасы