384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді

  • 280
  • UPD: 13:52, 16.08.2019
«Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа оқу жылының қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания өкілдері Арыстағы полигон аймағында оқ-дәрілерді залалсыздандырумен айналысатын мамандардың балаларына мектеп киімдері мен керек-жарақтарын тарту етті. Әр балаға 15 мың теңгелік сертификат табыс етілді. Акцияның мақсаты – қауіпті аймақта қызмет атқаратын жұмысшылардың мектеп қабырғасында оқитын балаларына көмек қолын созу. Ғани Байдабеков әскери полигон аймағында жұмыс істейді. Оқ-дәрілерді кәдеге жарату, залалсыздандырумен айналысады. Аса қауіпті мамандық иелері балаларына қамқорлық жасалып жатқанына дән риза.

«Мектепке қажетті дүниенің барлығы бар. Жаңа оқу жылына ештеңе сатып алмайтын болдық», - дейді. Шараға арнайы қатысқан компания өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Ғани Байдабеков, полигон жұмысшысы:

- Сөмке, кітап бір жылға жететін дүниелер беріп отыр. Бұл кісілерге рахмет. Алғыстан басқа ештеңе айтпаймыз. Алладан қайтсын.

Нұриддин Ергебеков, Ұлттық компания өкілі:

- 87 кішкентай бүлдіршіндер бар мектепте оқитын. Соларды кеңсе заттармен киімдермен қамтамасыз етудеміз. Басшылықтың қолдауымен осындай шаралар өтіп тұрады. Басқа да компанияларды осындай іс шараларға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы