386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы мектептерде жаңа оқу жылында көп қиындық туындағалы тұр

  • 69
  • UPD: 14:48, 16.08.2019

Атыраудағы орта білім беретін мектептерде жаңа оқу жылында көп қиындық туындағалы тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапты мамандар күрделі мәселелердің бірқатарын қыркүйек айына дейін шешеміз деп отыр. Аймақтағы демографиялық дүмпу мен басқа облыстардан көшіп келушілердің саны артқандықтан, тек бірінші сыныптың өзінде облыс орталығында 10 мыңдай бала қабылданады. Бұл сыныптардың жетіспеушілігіне алып келді. Сонымен қатар жаратылыстану пәндеріне ұстаздар жетіспейді.

Тасқала ауылы мен Құрсай елді мекенінің ара қашықтығы 3 шақырым. Екі ауылға бір мектеп. Ал балалардың жаңа оқу жылында сабаққа барып келулері үшін 6 шақырымдық жолды жаяу жүрулеріне тура келеді. 400 оқушы өз ауылына жаңа мектеп салынбайынша осылай білім алуға мәжбүр.

Аружан Қобылан, оқушы:

- Мен мектепке дейін 45 минут жүремін сабағым 8:00 де басталады кешігіп қаламын. Қысты күндері салқын, тоңамыз, сосын кешігіп қала береміз қайта-қайта. Балшық күндері, жаңбыр жауған кезде жер балшық болып болып құлап қаламыз жерге. Сөйтіп сабақтан көп қаламыз.

Гүлсағима Дүйсенғалиева, Тасқала ауылының тұрғыны:

- Мектепке бару өте қашық. 45 минут кейде 1 сағаттай жүреді. Балалар кейде кешігіп қалады. Екі-үш шақырымдай алыста тұрамыз. Бізге мектептен бері қарай жүретін жолда тротуар жоқ, Балшық машиналар бәрін бүлдіреді.

Бұл ауылдарға өткен жылы асфальт жол төселгенімен, әзірге қоғамдық көліктер қатынамайды. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қалалық білім беру бөлімі бұл мәселені 1 қыркүйекке дейін шешуге уәде берген. Өйткені оқушыларды тасымалдау мәселесі жылма-жыл жасақталып отырады.

Аманбай Құсынов, қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

- Өткен оқу жылында бізде 15 мектепте оқушыларды тасымалдадық, қала мектептерінде 24 автобус бар. Солармен мектептерге белгіленген маршруттары бар, сонымен оқушылар тасымалданды.

Қала бойынша 57 орта білім ордасы бар. Жаңа оқу жылында бұл мектептердің барлығы лық толады. Тапшылықты жою үшін мұғалімдерға арналған бөлмелер, дәліздер мен спорт залдар қайта жабдықталып сабақ өтетін сыныптарға айналды. Соның өзінде 14 мектепте сабақ үш ауысыммен өтеді. Алдағы оқу жылына қалада 900 және 624 орындық екі жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Бірақ мұнымен де мәселе шешілмек емес. Атырау қаласы бойынша тек 1-сыныпқа 10 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады.  Бұл әр мектепте 10-12 бірінші сынып ашуды талап етеді. Мектеп пен қатар биыл облыс орталығына 350 педагог жетіспей тұр. Сырттан мамандар шақырылғанымен ұсынысты қабылдаушылардың қатары аз.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазиев

 

Хабар 24 телеарнасы