386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда алғаш рет паркинсон ауруына қарсы күрделі операция жасалды

  • 75
  • UPD: 14:09, 16.08.2019
Қарағандыда алғаш рет паркинсон ауруына қарсы күрделі операция жасалды

Қарағандыда жаңа технологияның көмегімен алғаш рет паркинсон ауруына қарсы күрделі операция жасалып, сәтті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сирек кездесетін бұл дертке облыс бойынша қанша адамның шалдыққанын дөп басып айту қиын. Қазіргі күні 1200-ге жуық науқас анықталған. Шамамен 4-5 сағатқа созылатын операцияның құны 6 миллион теңге тұрады. Ал квота бойынша тегін жасалады.

Ғабит Махамбаев, дәрігер-нейрохирург:

Бұл бір адам жасайтын операция емес. Ол өте қиын нәрсе. Тек қана хирург емес, бұл жерде рентгенологтар бар, невропатологтар бар, анестезиологтар бар, сол команданың бәрін жинау керек. Күніне 1 науқасқа операция жасауға болады. Кезекте операцияға 4 адам бар. Бірақ енді бұл жаңадан шыққан нәрсе, қазір ақпарат береміз.

Хабар 24 телеарнасы