386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 65 мың адам медициналық ұйымдарға тіркелмеген

  • 161
  • UPD: 14:15, 16.08.2019
Жамбыл облысында 65 мың адам медициналық ұйымдарға тіркелмеген

Олардың басым көпшілігі тұрғылықты мекен-жайы жоқ немесе бейресми жұмыс істейтіндер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде бірқатар қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде аймақтық штаб отырысы кезінде айтылды. Мамандардың айтуынша, «Егер тұрғындар әлеуметтік статусын қазірден айқындап, тіркеуден өтпесе, сақтандыру жүйесіндегі пакеттерден қағылатын көрінеді. Бірер айдан кейін толық іске қосылатын реформаның негізгі мақсаты - медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болғандықтан, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп отыр. Алайда бүгінде республика бойынша Атырау, Ақмола, Түркістан облыстарында тұрғындардың ақпараттандырылуы төмен болып тұр. Тіпті Жамбыл өңірінде бұл көрсеткіш 40-тан 26%-ке дейін төмендеп кеткен.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 7 айдың қорытындысымен түсіндіру жұмыстары бойынша 1258 кездесу өткіздік. Оған 7220 адам қамтылып отыр. Күрделі мәселенің біреуі - ол өзінің мекенжайын ауыстырып отырған, яғни тұрғылықты жерде тұрмайтыны, яғни ішкі және сыртқы миграцияға байланысты.

Айбатыр Жұмағұлов, МӘМС қорының басқарма төрағасы:

- Жалпы қорда бүгінгі күннің өзінде 200 миллиардқа жуық ақша жиналған. Осы ақшаны қосып келесі жылда медицина саласындағы барлық дефицитті толықтай немесе жабу үшін медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілмек.

Хабар 24 телеарнасы