386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент балалар арасындағы суицидке алаңдаушылық білдірді

  • 185
  • UPD: 16:42, 16.08.2019

Тамыз конференциясында мемлекет басшысы алдағы 4 жылда педагогтардың жалақысы 2 есеге өседі деді.

Сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасындағы суицидтің жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Президент «жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы –ұлт үшін қасірет» деді. Сондықтан мұндай жағдайларды болдырмау үшін ата-аналар да, ұстаздар қауымы да бірлесіп жүйелі жұмыс жасауы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайлары бәріміз үшін қасірет. «Балалар неге ондай қадамға барады» деген сұрақ баршамызды ойландыру керек. Жеткіншектерге психологиялық тұрғыда көмек көрсету – сайып келгенде, тәрбие беру процесі сапасының түпкі талабы болуы тиіс. Біздің ортақ мақсатымыз – оптимистердің жаңа буынын тәрбиелеу. Жас буын жігерлі, өмірлік қиындықтарға төтеп беруге бейім болуы тиіс. Басқаша болмауы керек.

Ал омбудсмен Аружан Саин «елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілген кезде тараптардың татуласуына тыйым салу керек» деді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл «жасөспірімдерге қысым көрсететіндерге қатаң шара қолдану қажет», дейді. Өйткені көп жағдайда осы тектес қылмыстар тіркелген жағдайда айыпты тарап жәбірленушілерге ақша ұсынып, жазадан сытылып кететін көрінеді.

Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Мұндай істерге келгенде отбасыларға қоқан-лоқы көрсету немесе ақша беріп құтылу жағдайларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Ақыры зардап шексе де, жәбірленуші тарап арызын қайтарып алады. Осылайша, балалардың құқығы қорғалмайды. Әлбетте, балаларға жасалған зорлы-зомбылық қылмысына кедергі келтіргендерге жауапкершілік жүктелуі керек. Әйтпесе, бұл процесті тоқтата алмаймыз. Егер нақты түйінді мәселелерді шешімін таба алар болсақ, онда нақты нәтижеге қол жеткізе алар едік.

Хабар 24 телеарнасы