385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда сүт өнімдерінің экспорты артты

  • 80
  • UPD: 15:13, 16.08.2019
Қостанайда сүт өнімдерінің экспорты артты

Қостанай облысында сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар экспорт көлемін арттыра түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері Еуразиялық одақ аясында шетелдерге 5 мың тоннадан астам сүт өнімдері сатылған. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 14%-ке көп. Айран, қаймағымен көрші елде жақсы танылған өндіріс орындарының бірі - Рудный сүт зауыты. Қазір кәсіпорын жылына 23 мың тонна сүт өнімдерін шығарады. Тағамдардың сапасы мен экологиялық тазалығына аса маңыз беріледі. Бүгінде зауыт сүт өнімдерінің 70-тен астам түрін өндіреді. Алдағы уақытта бірқатар желі одан әрі кеңейтілетін болады.

Александр Лигай, сүт зауытының директоры:

- Біз жалпы көлемнің 10%-ін бүгінде Ресейге экспорттап отырмыз. Челябі, Екатеринбург, Уфа сияқты ірі мегаполистерге жібереміз.Тағамдарымыз қазір алысқа танымал, сондықтан ол жақта да өтімі жақсы.

Хабар 24 телеарнасы