387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инспектор Е.Нұрғалиевті өлтірген браконьерлер соты басталады

  • 227
  • UPD: 19:15, 16.08.2019
Инспектор Е.Нұрғалиевті өлтірген браконьерлер соты басталады

Қарағандыда киік атып, онымен қоймай инспекторларды соққыға жығып, біреуін мерт қылған 7 браконьерге қатысты сот басталады.

Оның үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағаны үшін айыпталып отыр.

Еске сала кетсек, қаңтардың 13-і күні браконьерлердің қолынан Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер ұсталып, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған.

Гүлбаршын Жітікова, облыстық соттың бөлім басшысы:

- Мамандандырылған ауданаралық сотқа браконьерлерге қатысты қылмыстық іс түсті. 40 томнан тұрады. Сот мемлекеттік тілде өтеді, жуырда күнін белгілейміз.

Хабар 24 телеарнасы