387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ардагер ұстаздар Тамыз конференциясында айтылған ұсыныстарды қолдайды

  • 239
  • UPD: 20:00, 16.08.2019
Ардагер ұстаздар Тамыз конференциясында айтылған ұсыныстарды қолдайды

Мұғалімнің мәртебесін көтеру кезек күттірмейтін іс. Президенттің тамыз конференциясында айтқан осы ойын ардагер ұстаздар да қолдап отыр.

Олардың айтуынша, біліктілігі жоғары мұғалім ғана сапалы білім бере алады. Ал педагогтардың жалақысын өсіру олардың алаңсыз жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді.

Шәмшә Беркімбаева, қоғам қайраткері:

- Ол кісі өзінің сөзінде биылғы жылы «ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылданатыны туралы айтты. Бұл әрине шынында да өте керекті заң. Көптен бері күтіп жүрген заңымыз. Соңғы жылдары ұстаздардың мәртебесі өте төмендеп кетті, ол жасырын емес. Ұстаздар, ата-аналар, бүкіл қоғам осы заңға қалай қарап отырғанда менің де осыған қатысым бар, қандай үлесімді қоса аламын деген ой болу керек.

Аягүл Миразова, білім саласының ардагері:

- Министрдің өзі айтқанда, 70 мыңның айналасында айлық, өзіңіз ойлаңызшы жас маманға ол несіне жетеді. Ол көрсеткіштер көрсетіп, аттестациядан өтіп, бір атаққа ие болуы, 30-40-70 пайызға жетуі үшін ол кемінде 10 жыл жұмыс істеуі керек. Сөйтіп барып, ол жұмысының көрсеткішін көре бастайды. Институтты бітіріп, жақсы маман, ұстаз боламын деген білімді, білікті ұстаздарға жалақысын бірден көбейтсе деймін.

Хабар 24 телеарнасы