386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО: Ақсуат ауылындағы мектепті жөндеуге қаржы бөлінбей келеді

  • 162
  • UPD: 20:52, 16.08.2019

Ақсуаттағы орта мектепті жөндеуге 3 жылдан бері қаржы бөлінбей келеді. Батыс Қазақстан облысындағы бұл білім ордасы биыл жөнделген нысандардың тізіміне енгенімен мұнда ешқандай жұмыс атқарылмаған.

Оқу жылының басталуына екі аптадай уақыт қалғанымен мектептің жөндеу көретін түрі жоқ. Ауыл тұрғындары ең болмаса жылу қазандығының шатыры жөнделсе деп отыр. Әйтпесе, мектептің жылу жүйесі түгел істен шығуы мүмкін. 

Ақсуаттағы бұл мектеп 35 жыл бұрын салыныпты. Содан бері еш жөндеу көрмеген.  Ғимарат 464 орынға есептелген. Көршілес Әйтиев, Пойма және Магистральный ауылдарының шәкірттері де осында қатынап оқиды. Бірақ, қазір мұнда 290 оқушыға ғана орын бар. Аядай оқу кабинеттерінің сиқы мынау. Едені сөгіліп, қабырғалары қақырап, жиһаздары әбден тозып тұр. Терезелерді ашу мүмкін емес. Төсеніштері шұрқ тесік.  Екі жыл бұрын аудандық білім бөлімі жобалық-сметалық құжаттарын дайындапты. Алайда, республикадан қаржы бөлінбегендіктен, жөндеу жұмыстары сол күйі басталмапты.

Жүсіп Байдүкешев,  Ақсуат ауылының тұрғыны:

- Мектепті енді оңдайтын уақыты келді. Көп жылдардан бері оңдалған жоқ. Сыртында көп кемшіліктер бар. Қыста былай жылы газ келгесін жылыды. Қыста мына кішкентай балаларға, оқушы балаларға қиын, туалет деген арт жақта, іште туалет жоқ. Ал енді осы көп шешілмей келген вопросты шешетін уақыт болды ау деймін өзі де. 

Мектептің қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуында да кінәрат көп. Екі ақ жыл бұрын алынған интерактивті тақталар істен шыққан. Ұстаздар қауымы жұмысқа өз компьютерлерін алып келуге мәжбүрміз,- дейді.

Қалампыр Әубәкірова, Ақсуат орта мектебі математика пәнінің мұғалімі:

- Компьютерлер бар. Тоже оларда сол. Программасы керек оларға. Оны алу үшін лицензиясы пәленбай мың тұрады. Физика, химия, информатика кабинетерінде негізі интерактивная доскасы бар, бірақ та олар жасамайды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ береміз, семинраларда сол қиындау болады. 

Келешекке кемел біліммен аттануы тиіс шәкірттер үшін алдағы күз нағыз сынақ кезеңі десе болады. Өйткені, мектепті жылумен қамтитын нысанның шатырынан су кетіп тұр. Ылғал салдарынан қабырғалары шытынап кеткен.    

Ерлан Жұбаниязов, Ақсуат орта мектебінің директоры:

- Котельный сол 1985-те салынған. Қазір ол апатты жағдайда тұр. себебі үстіне жыл сайын су кеткен соң қағырғаларына ағып қабырғаларының тастары үгітіліп, қазіргі таңда құлаудың үстінде тұр. Сондықтан енді бұған арнайы қаражат бөлінеді деп ойлаймыз. Биыл жүрігізілуі керек, себебі бу қазандары қысты көтермеуі мүмкін ғимараттың өзі.   

Директордың айтуынша, мектептен жыл сайын бірнеше алтын белгі және үзік аттестат иегерлері шығады екен. Биыл бітірген түлектердің де басым бөлігі білім гранттарын иеленіпті. Ал аудандық білім бөліміндегілер уақыттарының жоқ екендігін алға тартып, мектептің жағдайына қатысты сұхбат беруден бас тартты. Айтуларынша, бу қазандығының шатырын жөндеуге жуырда 10 миллион теңге бөлінбек. Алайда, оқу жылының басталуына небары 2 апта қалды. Бірақ мектептің айналасында әзірге өлі тыныштық.          

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы