386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрмысы төмен отбасылардың балалары қалаған мектеп формасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады

  • 226
  • UPD: 22:24, 16.08.2019

Елордалық 6600 оқушы жалпыға міндетті оқу қорынан көмек алатын болды. Оқу жылы басталғанша бала саны өсуі мүмкін.

Былтыр осы қор арқылы 1700 оқушыға қолдау көрсетілген еді. Биыл ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін әр балаға сертификат табыс етіледі. Яғни мектеп формасы мен оқу құралдарын өздері қалаған дүкеннен алуына болады. Осы орайда кәсіпкерлер палатасы отандық өнім шығаратын 7 компанияның дүкендеріне баруды ұсынып отыр. Білім басқармасындағылардың айтуынша, баға жағынан да едәуір жеңілдік болады. Жалпыға міндетті оқу қорындағы 400 млн теңгеден астам қаржы тұрмысы төмен отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға, сауықтыру лагерлеріне жіберуге және мәдени іс-шараларға жұмсалады. Ал мектеп формасын алуға қосымша қаржы бөлінген.

Дулат Жекебаев, қалалық білім басқармасының басшысының орынбасары:

- Бір пайыздан 427 млн теңгеден алатын болсақ, бір балаға киімге тек 6 мың теңге қалады. Сондықтан бір пайыздан өсіп, 1, 3 пайызға жеттік. Үстінен тағы қосымша 186 млн ақша қосып ,бір балаға 30 мыңнан шығып отыр. Яғни, әр балаға, егер бір отбасында 4 бала болатын болса 120 мың теңге. Егер 5 бала болса 150 мың теңге.

Хабар 24 телеарнасы