387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі қоғамдық ұйымдар «Мектепке жол» акциясына атсалысты

  • 175
  • UPD: 21:15, 16.08.2019
Ақтөбедегі қоғамдық ұйымдар «Мектепке жол» акциясына атсалысты

Ақтөбенің қоғамдық ұйымдары республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда.

Ұйымдар қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, 100-ден астам оқушыға көмек көрсетті. Облыс орталығындағы 26 мектептен келген балаларға оқу құралдары мен киім-кешек табыстады. Бұл игі іске өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен компаниялар да өз үлестерін қосып келеді. Акция аясында өңір бойынша 16 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланған. Бүгінге дейін оның 5 мыңнан астамына көмек берілді. Қолдау шараларына шамамен 37 млн теңге жұмсалған.

Алтынай Муханова, қалалық мәслихат депутаты:

- Балаларға бақыт сыйлау баршамыздың парызымыз деп білемін. Өйткені бұл жеткіншектердің арасында еліміздің нағыз патриоттары өсіп шығатынына сенімім мол. Жаңа оқу жылында барлығы жақсы оқып, жетістіктерге жетсін деген тілегімді арнаймын.

Хабар 24 телеарнасы