389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы ХҚКО жұртқа электронды құжатты өз бетінше алуды үйретеді

  • 234
  • UPD: 23:32, 16.08.2019

Оралдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек. Азаматтардың көбі үйде отырып алуға болатын құжаттар үшін алтын уақыттарын сарп етіп сонда барады екен. Цифрландырудың игілігін пайдалануға әсіресе қариялар жағы шорқақ. 

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы цифрландыру қызметінің көмегі ұшан-теңіз. Азаматтар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ешкімнің көмегінсіз алады. Ал, орталық мамандары электронды үкімет порталының жұмысына қатысты қосымша кеңес бере алады. Өзіне өзі қызмет көрсету секторында 752 мемлекеттік қызмет түрі бар.  Соның 500-ден астамын үйден шықпай ақ алуға болады,- дейді мамандар.

Айнагүл Серікқалиқызы,  халыққа қызмет көрсету орталығының маманы:

- Келеңсіз жағдайымыз адамдардың көбі дербес компьютерді қолдана алмайды. Қазіргі таңда ЦОН-ға келудің қажеті жоқ. Мысалы, телефондарға телеграм программасын жазып сол программасы арқылы өздеріне электронды справкаларды қабылдай алады. Көбіне келетін мысалы мекен жай анықтайтын, сотталмаған жөнінде, нарко, психспарвкаларымызды телефон арқылы аулға болады.

Жыл басынан бері 57 мың тұрғын мобилді азаматтар базасына тіркелген. 38 мың адамға цифрлы қолтаңба беріліпті. Өкінішке орай, тиімді бағдарламаларды пайдалану көбіне егде жастағылар үшін оңайға түспейтіні рас дейді мамандар.   

Ерболат Нұрмұханов, қала тұрғыны:

- Мына кодты берді, менде анадай әлгі тығатын қалай еді, флешка істемейді, қанша рет істедім, істемейді флешкалары. Мен адресная справка алуға келіп тұрмын.  

Асмамбет Бейімбет,  қала тұрғыны:

-  Менде үйде компьютер бар но принтер жоқ. Сондықтан осынан аламын, білмеген кездерім болса бір қызметкерді шақырып сұрай қоямын. Олар маған түсіндіреді. Ал адресная справканы кез келген жерден ала беруге болады цонға келмей. 

Цифрлы Қазақстан жобасы аясында электронды қызметтерді алу біршама жеңілдейді. Сондықтан мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеу маңызды дейді орталықтағылар. Осы саладағы оң үдерістерді  халыққа түсіндіру мақсатында олар мекеме, ұйымдарға жиі шығып тұрады. Компьютермен жұмыс істеуге қиналатындардың сауатын арттыру кабинеті жасақталды. Сонымен бірге смартфон ұстамайтын егде жастағы азаматтар үшін орталықта арнайы терезе жұмыс істейді.     

 Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы