387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулық тәртіп сақшылары сервистік полиция моделіне көшеді

  • 194
Көкшетаулық тәртіп сақшылары сервистік полиция моделіне көшеді

Көкшетаулық полицейлер елімізде алғаш болып сервистік полиция моделіне көшеді. Осыған орай өңірдің барлық аудандарында фронт-кеңселер ашылып жатыр.

Бұл туралы Ақмола облысының орталығында өтіп жатқан арнайы жиында айтылды. Шараға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан бастап, Қазақстанның барлық аймақтарындағы жергілікті полиция қызметі басқармаларының басшылары жиналған. Қатысушылардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Коллин Маккалау да бар. Бұл ұйым елімізде сервистік полиция моделін енгізу және жергілікті полиция қызметін жаңғыртуға қатысты әлемдік тәжірибелермен бөліспек. Жаңа бағыт ішкі істер органдары мен қарапайым халық арасындағы байланысты күшейтіп, қылмыстың салдарымен күресуді емес, алдын алуды көздейді.

Марат Қожаев, ҚР ІІМ бірінші орынбасары:

- Ертеңгі күні арнайы бір ұсыныстар енгіземіз деп ойлаймыз. Ол ұсыныстар жаңағы қолдау тапса, Үкімет басшысына баяндалып, ертеңгі күні біздің модернизация бағдарламаларының ішіне қосылады деп сондай сеніммен осындай іс-шара өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы