386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде әскери қызметкерлер кәсіби білімдерін жетілдірді

  • 174
  • UPD: 07:50, 17.08.2019
Семейде әскери қызметкерлер кәсіби білімдерін жетілдірді

Жас сарбаздарды тәрбиелейтін әскери қызметкерлер өздерінің кәсіби білімдерін жетілдірді.

Үш күн бойы Семей қаласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімдерінің басшылары біліктіліктерін көтеру мақсатында тәжірибелік сабақтардан өтті. Қатысушылар дене шынықтыру, мемлекеттік тілді білу және қызметтік міндеттері үшін тест тапсырды. Сонымен қатар, далалық оқу орталығында дағдарыс жағдайындағы жеке құрам мен бөлімшелердің моральдық-психологиялық іс-әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында демонстрациялық сабақтар өткізілді. Оқу-жаттығу жиыны әскери-қызметтік миссияларды орындау барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілерді құрметтеуімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы