387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда екінші субұрқақ іске қосылады

  • 181
  • UPD: 08:04, 17.08.2019
Ақтауда екінші субұрқақ іске қосылады

Ақтауда таяу күндері екінші субұрқақ іске қосылады деп күтілуде.

26-шағын аудандағы шағын нысан кеңес заманында салынған. Күрделі жөндеу көрмеген фонтанды жергілікті кәсіпкер қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесе қалпына келтіруді қолға алды. Өйткені субұрқақ меценатқа тиесілі сауда орталығының аумағында тұр. Бұған дейін қала тұрғындары әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасында мәселе көтеріп, өтініш жазған болатын. Осыған байланысты тараптар ортақ іске жұмылып отыр. Айта кетейік, Каспий жағалауында шаһарда қазір жалғыз ғана субұрқақ бар. 4-шағын ауданда орналасқан нысан «Каравелла» деп аталады.

Әнуар Төлеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

– Аталған нысан 1976 жылы қолданысқа берілген. Одан бері күрделі жөндеу жасалғаны туралы мәлімет жоқ. Құбырларының әбден тозуы себепті соңғы үш жылдан бері жұмыс істемей тұр. Бүгінде мұнда тазалау және сынақ жұмыстары жүргізілді. Жуық арада субұрқақ іске қосылады деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы