387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда әйелдерге арналған әшекейлер көрмесі өтіп жатыр

  • 193
  • UPD: 08:04, 17.08.2019
Атырауда әйелдерге арналған әшекейлер көрмесі өтіп жатыр

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде көне күміс бұйымдар мен әйелдерге арналған әшекейлер көрмесі өтіп жатыр.

Мұнда өткен ғасырлардағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған. Жүзіктер мен сырғалар, алқалар, күміспен безендірілген белбеулердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ерлер мен әйелдер, бозбалалар мен бойжеткендерге арналған бұйымдардың барлығы жас ерекшеліктеріне сәйкес арнайы тапсырыспен жасалған.

Ғалия Назарбекова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Мысалы мына күмістен соғылған, қалыңдыққа арналған алқа «Өңір жиек» деп аталады. Мұны тұрмысқа шыққан келіншек тойдан кейін таққан. Отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты әр түрлі көлемде жасалған. Сенім бойынша бұл әшекей жас келіннің омырауы мен құрсағын сырт көз бен жын-шайтаннан қорғаған.

Хабар 24 телеарнасы