389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінің ауылдарына жылдам интернет жетті

  • 236
  • UPD: 11:27, 17.08.2019

Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді мекендердегі аурухана, мектеп сияқты мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылуда.

Павлодар ауданы Шақат ауылының орта мектебінде интернеттің жылдамдығы секундына 20 мегабитке дейін жетеді. «Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әр кабинетте кең жолықта ғаламтор пайда болды.

Шолпан Юсупова, Павлодар ауданы Шақат орта мектебі ақпараттану пәнінің мүғалімі:

– Жоғары жылдамдықты интернет пайда болғалы жұмысымыз оңтайланды. Бұрынғыдай кідірістер жоқ. Түрлі бағдарламаларды пайдаланып, білім беру үрдісіне леп берді.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Биылғы жылы Ертіс өңірінде 20 елді мекендегі 70-тен астам мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс жүйесіне қосылды. Нәтижесінде мемлекеттік мекемелерде жоғары жылдамдықты интернет пайда болды. Мүмкіндікті қалт жібермегендердің қатарында Шақат орта мектебінің ұстаздары бар. Қазіргі уақытта оқу жылы қарсаңында мұғалімдердер қауымы авторлық ғылыми және білім беру бағдарламаларын әзірлеп үлгерген. Сонымен қатар цифрлық мұражайдың жұмысын ұйымдастырды.

Бүгінде цифрлық мұражайдың қорында 1000-нан астам тарихи дерек пен фотосуреттер жинақталған. Бұл іске ауыл азаматтары мен оқушылар бір адамдай атсалысқан.

Самат Аралов, Павлодар ауданы Шақат орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі:

– Біздің жинақталған қорымыз түрлі әлеуметтік желілерге таратылды. Шақат ауылымыздан басқа жерлерде де шет елдерге, Германия, Ресейге көшіп кеткен жерлестеріміз өздерінің ақпараттарымен бөлісіп, біздің виртуалды мұражайымыз толықтырылады және кейін жеке сайт пайда болады.

Бүгінгі күнге дейін облыстағы 87 ауыл кең жолақты ғаламторға қосылды. Алдағы уақытта олардың саны арта түспек.

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

– Интернетсіз цифрлы технологияларды сіз пайдаланбайсыз. Сондықтан біз приоритет ретінде цифрлы бағдарламалар бойынша кең жолақты интернетке жоғары мән беріп отырмыз., жоғары ден қойып отырмыз. Осындай жоба атқарып жатырмыз. Көріп отырсыз, мектепте қазір интернет арқылы керек болса, білім ресурстарын қарауға болады. Медициналық мекемелерде де телемедицина, басқа да қызметтер алуға болады.

«Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін облыстағы ауылдардың барлығында кең жолақты ғаламтор пайда болмақ.

Ермек Қуанышбеков, ұлттық байланыс компаниясының өкілі:

– Бұрын қызметтер ескі желі бойынша көрсетілді. Ғаламтордың жылдамдығы секунданы төрт мегабитті құрады. Қазіргі таңда талшықты-оптикалық желінің айрқасында жылдамдықты 100 мегабитке дейін арттыруға болады. Мәселен, аурухана, мектеп сияқты мекемелер бұл жүйеге қосылды.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама 14 жылға шақталған. Алдағы уақытта аймақтың 100-ден астам елді мекеніне талшықты-оптикалық байланыс желілерінің 500-ге жуық шақырымы тартылады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы