387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


5 мыңнан астам адам өзен-көлдерді қоқыс пен қалдықтардан тазартты

  • 191
5 мыңнан астам адам өзен-көлдерді қоқыс пен қалдықтардан тазартты

Еліміздің өзен-көлдерін тазалауға арналған экологиялық шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлер, белсенділер және еріктілер су қоймаларын браконьерлер құрған синтетикалық аулардан тазартты. Сондай-ақ акцияға қатысушылар жағада шашылып жатқан қоқыстар мен қалдықтарды да жинады. Шара ел аумағындағы 80-ге жуық өзен-көлді қамтыды.

Ерлан Нысанбаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Соңғы жылдары «Қытай ауы» деген үлкен проблема болды. Біз өз тарапымыздан оны Қытайдан алып келуге тыйым салдық. Заңға өзгеріс енгіздік. Одан тыс сатуға да тыйым салдық. Дегенмен бұл аулар әлі де болса қолданыста. Соның кесірі көптеген өзен-көлдеріміз, су айдындарымыз Қытай ауына толып тұр.

Хабар 24 телеарнасы