387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті

  • 198
  • UPD: 18:44, 17.08.2019
Жамбыл облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті

Жамбыл облысында әлеуметтік және кәсіпкерлік саласында ауылдық әйелдердің белсенділігі артты, деп хабардайды «Хабар 24».

Қазір өңірдегі 19 мың шаруа қожалығының төрттен бір бөлігін нәзік жандылар басқарады. Олар ауылда тұрып-ақ тәуір табыс тауып жүр. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікке қызығушылық жоғары. Биыл аймақта жыл басынан бері 500-ден астам қыз-келіншек мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қатысып, бірқатары өз ісін бастаған. Бұл жөнінде облыста өткен ауыл әйелдерінің форумы кезінде айтылды. Аталған шара аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Жиында үздік кәсіп иелері тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Фарида Жүнісова, кәсіпкер:

- Бастар кезде адам, әрине, жүрексінеді. Қорқыныш болады. Бірақ соның бәрін жеңе білу керек. Қажырлылық керек. Білім керек. Барлық қазақ қыздарын осыған тартқым келеді. Осындай іспен айналысып, қарап отырмай кәсіп ашса деймін. Қазір мемлекет жағынан көптеген қолдаулар бар.

Хабар 24 телеарнасы