389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды

  • 413
  • UPD: 20:56, 17.08.2019
Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

240 адамға арналған шынықтыру-сауықтыру орталығы спорт күні мерекесіне орай Састөбе кентінде пайдалануға берілді.

«Ер Жәнібек» атындағы нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Құны 454 млн теңге болатын спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін киім ауыстырып, душ қабылдауға болады.

Бұдан бөлек, бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. Салтанатты жиынның ашылуына дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болат Қырықбаев, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Махамбет Сапарбаев қатысып, кент тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ спорт кешенінің ашылу салтанатына орай бокстан облыс біріншілігі ұйымдастырылды.

Махамбет сапарбаев, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Мына бүгінгі спорт залды көріп қуанып жатырмыз. Елімізде, аудандарда қандай жақсы спорт залдарымыз бар. Енді осы жерде көп балалар тәрбиеленсін. Бізге ұқсап, балаларымыз да чемпион бола берсін.

Нұрбол Тұрашбеков, Түлкібас ауданының әкімі:

- Бүгінгі таңда ауданымызда 4 мемлекеттік спорт мектебі жастарымызды спортпен айналысуға толық жағдай жасалынып, жұмыстар атқарылуда. Бүгін қосымша спорт кешенімен толықтырылып отыр. Жалпы аудан халқының 30%-і тұрақты түрде спортпен айналысады. Жастардың ары қарай өсіп-өнуіне, білім алуына, мәдениетті болуына барлық жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы