389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

  • 184
  • UPD: 22:47, 17.08.2019
Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреспек.

Бүгін Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» конкурсының көптен күткен ақтық сайысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жарыста Қазақстан көк түсті танкімен өнер көрсетеді. Бірінші дивизионда еліміздің әскерилерінен бөлек Ресей, Беларусь және Әзірбайжанның танк экипаждары жарыс жолына шығады. Жерлестеріміздің өнерін Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі саат 19-30 да «Звезда» телеарнасының сайтынан тікелей эфирден көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік,  жартылай финалда Қазақстан өз тобындағы Қытай, Әзірбайжан және Сербия командаларынан басым түскен болатын. Жалпы биыл «Танк биатлонына» 25 мемлекет қатысты.

Хабар 24 телеарнасы