386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралының ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

  • 151
  • UPD: 21:20, 17.08.2019
Қарқаралының ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

Қарқаралы ұлттық паркі аумағындағы Бақты орманында шыққан өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «орман үстінен әуеден бақылау кезінде ашық жалын байқалмады, жекелеген тұстарда шамалы бықсыған түтін байқалады, осы тұстарға қайталап су шашуға Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жұмылдырылды (50 қызметкер мен 9 техника). Сонымен қатар осы жұмыстарға ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның тікұшағы тартылған.

Өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметтер мен техникалар өз мекендеріне қайтып жатыр, алайда өрт толықтай өшірілді деп жарияланбады. Өйткені кей жерлерде әлі түтін шығып жатыр. Орманда авиация мен ұлттық парк қызметкерлері кезекшілік жасауда.

Еске салайық, 12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен.

Кейін берілген мәліметте Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бақты орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 2500 гектарға жеткені айтылды.

Ал 16 тамызды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев Қарқаралы ауданының Бақты ұлттық паркінде өрттің ауыздықталғанын мәлім етті.

Хабар 24 телеарнасы