387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жаңа форматтағы полицейлер даярланды

  • 170
  • UPD: 07:27, 18.08.2019
Ақтөбеде жаңа форматтағы полицейлер даярланды

Елімізде жаңа форматтағы полиция қызметкерлері даярлана бастады. Теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілген жүйе бойынша білім алған алғашқы түлектер енді жуық арада қызметке кіріседі.

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын тәмамдаған 109 курсант бүгін басшылық алдында ант берді. Еліміздің әр аймағынан келген олар мұнда әдеттегідей 4-5 жыл емес, үш ай оқыды. Осы уақыт аралығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару әдіс-тәсілдерін меңгерді. Ең бастысы, қарапайым азаматтармен тығыз байланыста болуды үйренді. Қысқа мерзімде даярланған болашақ тәртіп сақшыларының көбісі бұрын заңгер мамандығын меңгерген. Енді олар әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі сапында және учаскелік инспектор боп еңбек ете алады. Айта кетейік, жаңа форматтағы мамандарды дайындау 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Оқыту курстары Ақтөбеден өзге Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында өткізіледі.

Айдар Сайтбеков, ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы:

- Бұл біздің қызметкерлер біріншіден патриоттық сезімде болуы керек деп есептейміз. Өйткені, бұлардың жұмысы қателік жасауға бізге рұқсат жоқ және еліміз үшін, халқымыз үшін әрқашан қызметтеміз. Ант қабылданған соң біздің қызметкерлер әр біздің азаматымыздың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі мол боп сезінуі керек.

Марат Омаров, курсант:

- Кәсіби білім алу барысында, бізді кинологиялық орталықтарға апарды, криминалистік зертхана, тағы басқа шараларға қатыстық. Құтқару қызметі бойынша бірлескен жұмыстар шаралары болды. Көбіне кәсіби даярлыққа көңіл бөлінді.  Қоғамда келеңсіз төтенше жағдайлар барысында,  зардап шеккен адамдарға қалай көмек көрсету керектігін іс жүзінде көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы