386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Курчатов қаласында алғаш рет заманауи бассейн салынады

  • 162
  • UPD: 10:54, 18.08.2019

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында алғаш рет заманауи үлгідегі бассейн салынбақ. Нысан қолданысқа берілген соң жүзу спортына жазылушылардың жасына шектеу болмайды.

Ал 1 және 11-сынып оқушылары үшін кіру тегін. Сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына жеңілдіктер қарастырылады. Бассейнді салу жұмыстарына 117 млн теңге бөлініп отыр. Бұл жоба жеке компанияның қала тұрғындарына жасаған тартуы.

Арман Тоқпаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Жоба бойынша бассейннің ұзындығы 25 метр. Ені сегіз метрден төрт жүзу жолағы болады. Жалпы тереңдігі 65-тен 150 метрге дейін барады. Орталық бассейннің ашылуы қала күніне орай 24 тамызға белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы