387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында скауттардың жиыны сусыз, жарықсыз жағдайда өтті

  • 241
  • UPD: 16:59, 18.08.2019

Өркениеттен өз еркімен безіну. Елімізде өткен «Ұлы дала мұрасы» атты 4-ұлттық джамбориға қатысушыларды сырт солай сөгетін болар. Әйтсе де скауттардың өз жоспары бар.  Жергілікті және алыс-жақын шет елдерден келген 350-ден аса қатысушы лагерьде немен тыныстады?

Қалалық у-шудан шаршадыңыз ба? Алмасыңа қоймайтын ұялы байланыс діңкелетті ме? Ендеше табиғатты тануға, үндесуге, тілдесуге сізде мүмкіндік бар. Себебі бұл жерде 6 жастағы баладан 60 жастағы қарияға дейін жүр. Әлемнің 8 мемлекетінен келген скаутшылар және бар. Бұл жандар мұнда топ-топқа бөлініп сусыз, жарықсыз, сенсеңіз ғаламторсыз тек табиғат аясында тіршілік ету мүмкін екенін дәлелдеуде.

Кәрімжан Ташов, IV ұлттық джамбори директоры:

- Өткен жылға қарағанда көбірек хабарласады сұрайды, қалай қатысуға болады екенін. Жыл бойы бізде жұмыстар өтеді. Қыстың күні де бізде әртүрлі семинар-тренингтер өткізіледі.

Жиын аясында қатысушылар мен қонақтарды қызықты бағдарламалар күтеді. Садақ тарту,қылыштасу,арқанмен және атқа шабу секілді. Қауіпсіздіктері үшін ешкім алаңдамауға болады. Себебі жедел-жәрдем көлігі 24 сағат сол жерде, арнайы медпунктте қарастырылған. Бірнеше елдерді аралаған шетелдік скауттар Қазақстан табиғаты ерекше екенін атап өтті.

Шарлотта Шам, Гонконг скаутшысы:

- Лагерьде маған өте ұнады. Барлығыңызды көргеніме қуаныштымын. Қазақстандықтар өте қонақжай әрі ақкөңіл халық екен. Осы бірнеше күнде ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық ойындарды үйрендім.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Жер-жерден, ел-елден келген жасөспірімдер осындай жерлерде ұйықтап, демалады. Өз-өздеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді де осы жерде үйренеді скауттар. Күні бойы түрлі жаттығулармен айналысатын жастар достыққа, бірлікке үйренеді.

Бір жұмаға созылған скауттар жиыны 4 жылда бір рет өтеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерін қамтып, қатысушылар қатарын арттыра түсуді көздейді.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы