387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

  • 614
  • UPD: 13:15, 19.08.2019
Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енген.

«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген таратылған хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:

Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

Хабар 24 телеарнасы