387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 100-ден астам жайлы аялдама салынып жатыр

  • 162
  • UPD: 13:51, 19.08.2019
Атырауда 100-ден астам жайлы аялдама салынып жатыр

2020 жылдың соңына дейін Атырауда 100-ден астам жаңа аялдама орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көпшілігі кеңейту мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге қойылып жатыр. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық бөлімі мамандарының айтуынша, ең алдымен жөндеуден өтетін басты даңғылдар мен үлкен көшелердегі аялдамалар ауыстырылады. Беларусь елінде шығарылған бұл аялдама кешендерінде қыста жылытқыш, жазда суытқыш құрылғылары бар. Сонымен қатар түнгі уақытта арнайы шамдар арқылы қала көшелеріне жарық беріп тұрады.

Аңсаған Сағынбаева, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Алдағы 2 жыл көлемінде оның үстіне 112 жаңа аялдамалар әкелінеді. Оның көпшілігі қазіргі таңда қайта жаңғыртудан өтіп жатқан көше бойларына орнатыалды. 80 данасы сол көшелерге орнатылады. Ал қалған 30-ы қалаішілік, орталықтағы аялдамаларға орнатылады. Қалған 30-ы қала маңындағы ауылдық округтерге таратылып беріледі.

Хабар 24 телеарнасы