389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жас инспекторлар слеті басталды

  • 232
  • UPD: 13:56, 19.08.2019
Қарағандыда жас инспекторлар слеті басталды

Қарағандыда XIX республикалық жас инспекторлар слеты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға еліміздің барлық облысынан 250-ге жуық адам қатысуда. Сондай-ақ Қырғызстан, Ресей, Беларусь елінің жеңімпаз командалары арнайы шақырылған. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. Он күн бойы балалар түрлі емтихан тапсырып, білімдерін сарапқа салады. Басты талап жол ережесін жетік білу керек. Жеңімпаздар халықаралық жарысқа жолдама алады. Слеттың ашылу салтанатына Ержан Максим келіп, әннен шашу шашты.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі:

- Бұл сайыстың басты мақсаты – балалардың арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын сақтау. Он күнге созылатын додада олар «жол жүріс қағидаларының білгірлері», «жас санитарлар», яғни, алғашқы көмек көрсету, «білімдарлар», сол сияқты «жас реттеуші» секілді түрлі сайыстарға түсіп, өздерінің білімдерін тексеретін болады.

Хабар 24 телеарнасы