386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада пәтер саудасы кезінде интернет-алаяқтардың алдап кетуі жиіледі

  • 138
  • UPD: 23:23, 19.08.2019

Елордада интернет-алаяқтық фактілері жиіледі. Қалалық полицейлер осылай деп дабыл қағуда.

Полиция департаментінің мәліметінше, көбінесе пәтер және автокөлік сатушылар әккі пысықайлардың арбауына түсіп қалады. Алаяқтар жарнама сайтындағы телефондарға қоңырау шалып сатушының сеніміне кіріп алғаннан кейін төлем картасын «интернет-банкинг» қызметіне қосуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмеген азаматтар тез алданып қалады екен. Жалпы, жыл басынан бері осындай 928 алаяқтық қылмыс тіркелген. Оның 300-ден астамының беті ашылды. Интернет алаяқтардан құралған 36 қылмыстық топ құрықталып,  тиісті жазаға тартылды. Оларға бірден үш жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Тәртіп сақшылары «күдіктілердің айласына түсіп қалмас үшін күмән туғызатын ақша аударымдарды жүргізбеу қажет» деп ескертеді.

Саят Дүйсембаев, қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Банк карточкаларының дербес кодтарын бермеуді сұраймыз. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген кезде өздері көзбен көрмей сенбеу керек. Жаңағы бірінші салымды киви әмиянға, басқа да шоттарға салмауды өтінеміз.

Хабар 24 телеарнасы