387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ірі қара дерті шыққан ауылдағы малға бұрын сібір жарасына қарсы вакцина егілген

  • 196
  • UPD: 20:09, 19.08.2019

Осы оқиғаға қатысты зерттеу жүргізген мамандар екі ірі қараның дертке шалдыққанын анықтады.

Ауру осы екі малдан жұққан. Бұл туралы Көкшетауда өткен брифингте облыстың бас ветеринары Базарбай Бұлашев мәлімдеді. Бір сиырдың еті аудан көлеміндегі сатушылардан тәркіленді. Ал екіншісі бұған дейін арнайы орынға жеткізіліп, өртелген болатын. Бұл малдардың бірі 1 тамызда, ал екіншісі 6 тамызда сойылған. Ал 12 тамызда жауапты мекемелерге Ольгинка ауылында сібір жарасының белгілері пайда болғаны туралы ақпарат келіп түседі. Оның үстіне қасапшы ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Сөйтіп тексерулердің нәтижесінен кейін, тек 16 тамыз күні ғана аталған дерт расталып отыр. Айта кетерлігі, көктемде ғана осы ауылдағы малдардың барлығына сібір жарасына қарсы екпе жасалған екен.

Базарбай Бұлашев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Любой вакцинада 100 процент иммунитет болмайды. Даже адамдарды еккенде де любой вакцинада 100 процент иммунитет болмайды. Мысалы, 332 бас бар. Бәрін екті. Мысалы, жаңағы Мавровскийдің үйінде 40 шақты 29 мал бар. сол 29 малдың ішінен бір бұқашығы ауырды.

Хабар 24 телеарнасы