386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шортанды ауданында халық қайың өскен тоғайдың отап тасталуына қарсылық білдірді

  • 132
  • UPD: 20:34, 19.08.2019

Жарты ғасырлық тарихы бар қайыңды тоғайдан түк қалмады. Ақмола облысы Научный ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік ағаштарды түп-тамырымен қопарып, орнына үй салатын болған.

Құрылыс жүргізетіндер «қоғамдық тыңдау өткізіп, тұрғындардың рұқсатын алдық» дейді. Алайда ауыл-аймақ бұдан хабарсыз болып шықты. 

- У меня мурашки. Как можно дать на это разрешение? Вы же видели что здесь было. Что ты здесь сделал?

«Әлі 1 ғасыр өсіп тұратын қайың ағашын отап тастады» деп ауылдықтар ашулы. Бұл тоғай тұрғындардың демалыс орыны еді. Қазір ол жерде кесілген ағаш, шашылған бұтақ жатыр. Жарты ғасыр бұрын осы алқапқа ағаш егілгенде белгілі агроном Александр Бараев басы-қасында жүріпті. Ғалымдар даланың суық климатын осылай өзгертуге болатынын дәлелдепті. Аязға, желге, боранға төтеп берген ағаштарды адамның қолы арамен кесіп жатыр.

- Вандалы самые натуральные. Лучше бы мы стеной стояли. Нас никто в известность не ставит.

Ауыл тұрғыны Раиса Оковитая да біраз ағашты өз қолымен отырғызған екен. Тоғайдың көз алдында құрып бара жатқанына қиналып жүр. Алайда, аудандық әкімдік өкілдері «даурығатын себеп жоқ» дейді. Ауылдағы ағаштардың кесілетіні бұрыннан белгілі болыпты. Бірнеше жыл бұрын қабылданған Научныйдың бас даму жоспарында тоғайдың орнында құрылыс жүретіні көрсетілген екен.

Қабдолла Орынбасаров, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары:

- Барлық келісім жасалды. Санитарлық, экологиялық  келісім бар. Одан бөлек сол кезде қоғамдық тыңдаулар өтті. Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы қоғамдық жиын өтіп, біраз тұрғын қатысты. Барлығы қатысты деп айта алмаймын. Ол кезде мен бұл қызметте болған жоқпын. Бұл орынға мен бір жарым ай бұрын келдім. 

Билік өкілдерінің қолында барлық құжаты бар. Алайда, тұрғындар қоғамдық тыңдауларға қатыспадық дейді. Бұл туралы бірінші рет естіп тұрғандарын айтады. 

- Любого жителя спросите, ни разу не поставили в известность, где будет вестись застройка. И какая необходимость. 

Ауылдағы проблема тек бұл емес. Таза ауыз су тапшы. Көбі таза суды дүкеннен сатып алып отыр. Мәдени демалыс орыны атымен жоқ. Клубтың терезесі қирап, есігі сынған. Клуб ғимараты жанындағы ағаштарды да жойып жіберген. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде шырша ағашы өсіп тұрыпты. Әкімдік өкілдері небәрі 54 ағашты кестік дейді. Алайда ауылдықтар бұл санға сенбейді.

- Здесь в основном дикорастущие. Они сами в упадок приходили. Часть кустарников придется вырубить.

Биліктегілер кесілгеннің көбі қайың емес, жәй бұта деп бой берер емес. Бірер күнде ауылда үлкен жиналыс өтетін болды. Сол кезде тек тоғайдың жайы емес, жалпы әлеуметтік мәселелер бірлесе талқыланбақ. Оның ішінде ауыз су, жол сапасы, және ауылды қоқыстан тазалау проблемалары бар. Жиналыс жоспар бойынша өтер-ау, бірақ халық оған аса сеніп отырған жоқ.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Андрей Деменок, Айбын Кусанбеков

Хабар 24 телеарнасы