387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зайсанда жоңғарды қырудан алдына жан салмаған батырға ескерткіш қойылды

  • 279
  • UPD: 20:38, 19.08.2019

Зайсанда Қаптағай батырға ескерткіш қойылды. Елді жаудан қорғаған батыр бабаға деген құрметін бүгінгі ұрпақ осылай білдіруге тырысыпты.

Мақсатымыз ер есімін ел есінде сақтап, жастарға үлгі ету дейді ұйымдастырушылар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен  салтанатты шара ұлан-асыр тойға ұласты.

Қаптағай Түгелбайұлы 1700-1760 жылдары өмір сүрген қазақ батыры. Тарихшылардың айтуынша, Абылай заманында талай жауға тойтарыс беріп шепбұзар батырлар қатарында болған. Жоңғарды тау асыра қуған ол жауынгерлік шеберлігімен көзге түскен.

Ұлан Бапай, әдебиеттанушы:

- Абылай заманындағы  жоңғарларға  қарсы шайқаста ерен ерліктерімен осы  соңғы шешуші шайқастарда жауды түре қуып, елдің шетіне дейін әкелген,осы жерде өмірінің соңғы кезеңін өткізген.

Баба есімін ұлықтап,насихаттау мақсатындағы бүгінгі шараны өткізуге дайындық 5 ай жүрген. Тек қана ескерткіштің өзіне 10 миллион теңге жұмсалған.

Серік Көкенайұлы, батыр ұрпағы:

-Ата-бабамыздың жатқан жері жанында міне, сол тура басына әкеліп қойдық,жалпы 7,5 метр.Үлкен тасының ауырлығы 12 тоннағастындағы тас 6,5 тонна.

Ғұмырын ел мен жерін қорғауға арнаған Қаптағай батырдың рухына тағзым етуге Германия,Түркия,Франция сынды елдерден отандастарымыз ат арылтып келді. Моңғолиядан осы тойға арнайы келген қонақтар ауданға 90 уықты,сәні мен салтанаты келіскен киіз үй тарту етті. Бұл рухани басқосуға әйгілі бүркітші қыз Айшолпан да жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан ат басын бұрыпты.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші:

- Бүркітім Моңғолияда,қазір әкем мен ағам қарап жатыр.Алдағы жоспар сабаққа кірем, 10-ай бүркітшілер тойы,тоғызыншы айда, соларға қатысамын,Қаптағай атамыздың жиені боламын 320 жылдығы,соған келдім.

Жиналған жұрт түрлі спорттық ойындарға қатысып, небір қызықты сайыстарды тамашалады.Әсіресе пышақтың жүзіне тұрып кір тасын көтерген азамат жиналған жұртты таң қалдырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өлкедегі өзге де бастамаларға түрткі болуда. Мәселен өңір кәсіпкерлері аудандағы бүкіл 27 мектепті роботты техника сыныптарымен жабдықтап шықты. Тағы бірі мешіт,салып,спорттық алаңдар ашып, ауыл-аймақты гүлденддіруге ат салысуда.Ендігі меже туризмді дамыту.

Зумрад Дүйсенбаева, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары:

- Жалпы табиғаты керемет қой енді осы жерде мұз да бар,шөл де бар,көл де бар, осының барлығы туристерге сұранып тұрған жер,сондықтан туризмді дамытуға бет алдық.

Жалпы өңірде аталған бағдарлама басталған екі жылдан астам уақыт ішінде  675 миллион теңге игеріліпті. Осылайша 64 ірі жоба іске асырылған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы