385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің әскери ұшқыштары Ресейдегі байқауда екінші орынды жеңіп алды

  • 120
  • UPD: 22:50, 19.08.2019

Талдықорғандағы 21751 әскери бөлімнің ұшқыштары Ресейде өткен «Авиадартс - 2019» байқауында екінші орынды жеңіп алды.

Жойғыш ұшақтар арасындағы сынға түскен әуе қырандарының білім-білігі 3 кезең бойынша бағаланған. Алғашқысында экипаж мүшелерінің физикалық дайындығы сараланды. Яғни, мамандар кермеге тартылып, суда жүзген. Бұдан кейін байқауға қатысушыларды арнайы дөңгелекте айналдырып, шыдамдылығы тексерілген. Екінші кезеңде әуе кемесімен көкке көтеріліп, жердегі нысанды іздеткен. Соңғы сында қос ұшақ қосарласа ұшып, зеңгір көкте түрлі жаттығуларды орындады. Сондай-ақ нысана көздеп ату бойынша өз шеберліктерін көрсетті. 34 мемлекет өкілі қатысқан байрақты бәсекеде ұшқыштар былтырғы нәтижесін қайталады. Әуе қорғаныс күштерінің әлеуетін паш еткен саңлақтар бүгін СУ 30 СМ ұшағымен Талдықорғанға келді. Оларды басшылық құрам құттықтап, өз ризашылығын білдірді.

Нұржан Нұрбаев, 21751 әскери бөлімінің аға ұшқышы:

- Бұл ұшқыштардың жеңісі емес, бүкіл Қарулы күштердің жеке құрамның жеңісі. Өйткені Авиадартсқа дайындалу кезінде барлығы қатысты. Барлығы дайындалды.  Осы ойын арқылы бүкіл қатысқан елдерге Қарулы күштердің күшін, мәтебесін дәлелдедік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы