387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ұшқыштар «АрМИ-2019» жарысынан алтын медаль жеңіп әкелді

  • 235
  • UPD: 23:34, 19.08.2019

Қазақстандық ұшқыштар халықаралық армия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Ұшқыш майор Дмитрий Коробкин мен Манас Дәулетбаев СУ-25 ұшағымен Рязань қаласының көгінде жасындай жарқырады. Олар әскер физикалық дайындық пен пилоттық техниканы және нысанаға дәл соққы жасау мен жоғарғы аэробатиканы кәсіби шеберлікпен сәтті орындап шықты. Сөйтіп, «Арми-2019» додасында қазақстандық экипаждар «жойғыш авиация» және «жауынгерлік тікұшақтар» аталымы бойынша үздік өнер көрсетті. Жалпы командалық есепте Қазақстан үшінші орын алды. Ал бірінші орынды ресейлік команда, екінші орынды Қытайлық ұшқыштар иеленді. Бүгін жеңімпаздар елге оралды. Жеке құрамның барлық қызметкерлері оларды Шымкент әуежайынан салтанатты жағдайда күтіп алды.

Манас Дәулетбаев, 55652 әскери бөлімінің ұшқышы:

- Қатысушылар ол жерде Ресей, Беларусь, Қытай командалары болды. Бірақ біз өз біліктілігіміздің арқасында озып, жаттықтырушыларымыздың тапсырмасын сәтті орындадық.

Хабар 24 телеарнасы