389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында мол өнім берген шабдалы тамшылату әдісімен суарылған

  • 206
Алматы облысында мол өнім берген шабдалы тамшылату әдісімен суарылған

Алматы облысының Панфилов ауданында өндірістік мақсатта егілген шабдалыдан алғашқы өнім алына бастады.

Шаруашылық 70 гектардан 3 мың тонна жеміс жинап, Солтүстік Қазақстанға жіберуді жоспарлап отыр. Кешенде шабдалымен қатар алманың 14 түрі, алмұрт, өрік, шие де бар. Мың гектарды алып жатқан бақ заманауи құралдармен жабдықталған. Тамшылатып суарылып, бұршақ жауған жағдайда арнайы жабындымен жабылады. Жаркент өңірінің қысы мен жазы жайлы болғандықтан, дала еңбеккерлері жемістің үсіп кетуінен қауіптенбейді. Ерекше климаттық аймақта шаруасын дөңгелетіп отырған бағбандар болашақта алқап ауқымын ұлғайтып, отандық нарықтағы өзіндік үлестерін арттыруды көздеп отыр.

Аркадий Гончар, бас агроном:

- Біз егістік алқабын 2 есе ұлғайтуды көздеп отырмыз. Өнім көлемі артатындықтан өңдеу ісін де жолға қою жоспарда бар. Яғни цех ашып, сусын шығаратын боламыз. Бұл жақтың ауа райы жеміс жидек өсіруге өте қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы