387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» сабағы оқытылады

  • 163
Қостанай облысындағы мектептерде «Кәсіпкерлік негіздері» сабағы оқытылады

Қостанай облысындағы 75 орта мектепте «Кәсіпкерлік негіздері» сабағы оқытылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа пән мектеп бағдарламасына 10-11 сынып оқушылары үшін енгізіледі. Сондай-ақ кәсіпкерліктің егжей-тегжейлігіне аймақтағы колледж және жоғары оқу орындарының үшінші, төртінші курс студенттері де қанығады. Бастапқыда қостанайлық педагогтар 10 күн бойы оқудан өтеді. Арнайы курстарды 75 мектеп мұғалімі, 70 арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары меңгеріп шығады.

Гүлия Сексенбаева, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

– Оқыту бағдарламасы кәсіпкерлік сауаттылықты арттыруға негізделеді. Балалардың болашақта коммерциялық мақсаттағы бір іске деген қызығушылығы, ынтасы оянуы тиіс. Олар жеткілікті дәрежеде білім алып, кейін өмірге бейімдей алатындай болады.

Хабар 24 телеарнасы