387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кәсіпкерлік негіздерін оқытатын мұғалімдер даярлануда

  • 161
Ақтөбеде кәсіпкерлік негіздерін оқытатын мұғалімдер даярлануда

Ақтөбеде кәсіпкерлік негіздерін оқытатын мұғалімдер даярланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыркүйекке дейін 200-ге жуық оқытушыны қысқа мерзімді курстардан өткізу жоспарда бар. Кейін олар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша мектеп оқушыларына дәріс беретін болады. Бұл пән өткен оқу жылында ел бойынша 17 білім ошағында пилоттық режимде оқытылған болатын. Биыл 10-сыныптың сабақ кестесіне енгізу көзделген. Сонымен қатар колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы курс студенттері де дәріс алады. Нәтижесінде олар заманауи стартап мәдениеті, компанияларды құру, қаржылық есеп, маркетингтік коммуникация, бәсекелестік әдіс-тәсілдерін меңгеріп шықпақ. Ал қажетті мұғалімдерді дайындау «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен еліміздің Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Оқытушыларға танымал кәсіпкерлер, бизнес-жаттықтырушылар, тәлімгерлер дәріс беруде. 

Дәмелі Кунанова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Барлық курстың мазмұнын, тақырыптарын балаларға жеткізеді. «Кәсіпкерлік негіздері» деген оқулық опробациядан өтті. Қазір ондай оқулықтар бар. Жаппай оқушылар мен оқытушылар бұл оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Жанат Булекова №2 мәртөк мектеп-гимназиясының мұғалімі:

– Болашақта бұл пән барлық сыныптарға енгізілсе, балалар жаңа заманға лайықты, білімді және экономикалық білікті мамандар болып шығар еді деп ойлаймын. «Қазақстанның дамуы – жастарда деген сөзді ұстана отырып, біз жастарды экономикалық білікті етіп дайындасақ өмірге, біздің заманымызда еліміз көркейе түседі деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы