386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер ұсталды

  • 140
  • UPD: 11:17, 20.08.2019
Павлодарда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Павлодарда бекіре тұқымдас балығын заңсыз аулаған браконьер құрықталды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мамандары вокзал маңындағы көлден қала тұрғынын байқаған. Тексеріс барысында салмағы 6,66 келіні құрайтын сүйрік балығы анықталды. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде дәл осындай 3 жағдай тіркелген. Ал келтірілген шығын көлемі 1 млн 700 мың теңеге жуықтайды. Яғни сүйрік балығының әр келісіне100 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынады. Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 335-бабымен іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы