387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлан Бекқожин «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

  • 879
  • UPD: 14:11, 20.08.2019
Ерлан Бекқожин «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Хабар» Агенттігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды. Вице-министр Нұргүл Мауберлинова Алан Ғазизұлы Әжібаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Ерлан Қалижанұлы «ҚР Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарып келген.

Ерлан Қалижанұлы Бекқожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист», Орталық Азия университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1985-1992 жылдары Қазақ радиосының «Панорама дня» ақпараттық бағдарламасын жүргізген. 1992-1994 жылдары Қазақ телевизиясында комментатор, ақпараттық бағдарламаларда бас рекдактордың орынбасары қызметін атқарған. 1994-1997 жылдары – «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламалар жүргізушісі және «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары – Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадио компаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы болды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Президенті Телерадио кешенінің («Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы)  бас директоры. 2016 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Бас редакторлар клубының» президенті қызметіне тағайындалған.

Марапаттары: «Құрмет» орденінің иегері (2006). «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996), Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей (1997) және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000), БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреты (2008).

 

Ал Алан Ғазизұлы Әжібаев 1974 жылғы 22 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, сондай-ақ Ұлыбританияның Ланкшир университетінің «БАҚ-тағы менеджмент» сертификатына ие. 1994-1995 жылдары «Макс» телерадиокомпаниясында радиожүргізуші, 1995-1997 жылдары «31-арнада» тележүргізуші болып жұмыс істеді, 1997-1998 жылдары «City» телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалар жөніндегі директоры, 1999 жылы «Радио Караван» директоры лауазымдарын атқарды. 1999-2008 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Одан кейінгі жылдарда «Таң» телерадиокомпаниясы» ЖШС-тің, «Тенгри ФМ» радиосының бас продюсері, 2012-2014 жылдары «SKYMAX MEDIA» бас директоры, 2014-2016 жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерінің директоры болды. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымын атқарды.

Хабар 24 телеарнасы