386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында бекіре балығын аулаған азаматтар қолға түсті

  • 105
Павлодар облысында бекіре балығын аулаған азаматтар қолға түсті

Ертіс өңірінде бекіре тұқымдас балық ұстаған азаматтар қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әккі балықшылар облыс орталығындағы өзен вокзалы маңындағы рейдтік жұмыстар барысында ұсталды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мамандары оқиға орнынан 6 келіден астам өзен маржанын тәркіледі. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша жергілікті полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастады. ҚР Қылмыстық Кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері бекіре тұқымдас сүйріктерді аулаудың үш дерегі тіркелген. Осылайша, 1 681 650 теңгенің шығыны келтірілді. Айта кетейік, бекіренің 1 келісі үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы