386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық 2 мыңнан астам тұрғын Жайық пен Каспийді қытай ауларынан тазартты

  • 155
Атыраулық 2 мыңнан астам тұрғын Жайық пен Каспийді қытай ауларынан тазартты

Еліміз бойынша 79 су айдынында «Аулардан таза су айдындары» экологиялық акциясы өткен болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өлке Атырау облысында 2 мыңнан астам тұрғын осы шараға қатысты. Жайық өзені мен Каспий теңізіндегі негізгі экологиялық проблемалардың бірі – арзан әрі бір рет қана қолданылатын синтетикалық аулар. Бұл ауларға балықтар ғана емес, өлексені жеуге келген құстар да шырмалып өліп жатыр. 50 жылға дейін шірімейтін осындай аулар қоршаған ортаға және су биоресурстарына орасан нұқсан келтіруде. Соңғы 3 жылда ғана браконьерлер Солтүстік Каспийдің балық қорларына 254 млн теңге көлемінде зиян келтірген. Акция барысында өзеннен 500 километрден астам қытайлық аулар шығарылды. Жыл басынан бері балық қорғау инспекторлары өңірдегі су айдындарынан 1200-ден астам заңсыз ауларды су түбінен шығарған.

Орынбасар Әміржанов, аумақтық балық қорғау инспекциясының бөлім басшысы:

– Инспекторларды көрген бойда судың жағалауына тастап кетеді. Судың жағалауы, судың астындағы осы синтетикалық ау құралдары көп уақытқа дейін шірімейді. Шірімеуінің арқасында оған түскен балықтар шыға алмай өліп қалады. Бұл қазіргі кезде Жайық өзенінің экологиялық жағдайына өте зиян келтіреді.

Хабар 24 телеарнасы