387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауыл шаруашылығын қолдау механизмдері жетілдіріледі

  • 145
Елімізде ауыл шаруашылығын қолдау механизмдері жетілдіріледі

Ауыл шаруашылығын қолдау механизмдері шаруаларға барынша қолжетімді болуы керек.

Алайда қордаланған кедергілер көп. Бұл туралы Өскемендегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ұжымымен кездескен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов мәлімдеді. Жұмыс сапарымен келген депутаттың айтуынша, аталған қор жер еміп, мал өсіріп отырған ауыл тұрғындарына үлкен демеу беріп отыр. Алайда қарапайым жұртты әуреге салатын кемшін тұстары баршылық. Мәселен, кепілдікке алған мүлікті қайта қайтару кезінде шаруалар түрлі мекемелер арасында сабылады. Немесе оларға жер телімі берілген уақытта, оның тең жартысы өзен белдеуіне жатқызылып, фермер тиісті жерін толық игере алмай жатады. Депутат осы айтылған мәселелерді зерттеп, әрі қарай да тұрғындармен кездеспек. Сапар соңында көтерілген сұрақ пен жиналған шағымдар талданып, Үкімет назарына ұсынылады. Айта кету керек, биыл Сыбаға және Еңбек бағдарламасы бойынша облыста 700-ге жуық жоба қаралыпты.

Берік Дүйсенбинов, ҚР мәжілісінің депутаты:

– Біздің мақсатымыз – сараптап, депутаттық сауал жолдап, Үкімет органдарына жұмыс ретінде ұсынып, болмаса заңға өзгеріс немесе түзету енгізу қажет. Осы көмек ауыл шаруашылығын көрсетілетін қаржылай көмек тікелей және жеңіл болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы