Түркістан облысында 90 жастан асқан әже мен өгей шешесін соққының астына алды деген күдікпен бір азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп көрсетті тәртіп сақшылары.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» және «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» 149-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге саламыз, Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округында түн ішінде ер адам үйдің терезесін бұрып кіріп, шырт ұйқыда жатқан екі әйелді өлімші етіп сабаған болатын.