389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдары тегін берілді

  • 185
  • UPD: 21:30, 20.08.2019

Қайырымдылық қорын ашқан азамат бірнеше жылдан бері осындай сауапты шара өткізіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрге сай тамыз айында ұйымдастырылған акция аясында үйінде оқитын 250 мүгедек жеткіншекке көмек көрсетілді. Оларға тапсырылған сөмкеге қағаз-қалам мен кеңсе тауарлары салынған. Осындай жәрдемді жалғызбасты аналар да алып отыр. Игі шараға жұмылған қайырымды жандар биыл Бейнеуде тұратын 40 көпбалалы және аз қамтылған отбасына қол ұшын созды.

Иманғазы Досмұханбетов, қор директоры:

- Аталған акцияны соңғы үш жылдан бері өткізіп келеміз. Меценаттардың қолдауымен көмегіміз тиіп жатқан жеткіншек саны жыл санап өсіп келеді. Биыл демеушілердің өтінішімен Ақтаудан шалғай ауданда тұратын отбасыларға да көмектесуді шештік. Көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға мектеп құралдары салынған сөмкелер мен киім-кешек берілді.

Татьяна Скорникова, қала тұрғыны:

- Жалғызбасты анамын. Көмек қажет болған соң осы қорға хабарластым. Көру мүмкіндігі шектеулі балам биыл бірінші сыныпқа барады. Бүгін осында шақырту алдым. Бізге мектеп құралдары салынған сөмке берілді. Қуанышымда шек жоқ. Қиындықтан құтқарған қайырымды азаматтарға алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы