387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздағы қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермейді

  • 125
  • UPD: 21:37, 20.08.2019
Тараздағы қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермейді

Қазір қала ішінде қызмет көрсететін 465 автобустың 25%-і тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалғандарының да техникалық жағдайы мәз емес. Шаһардағы 80% автобустардың пайдалану мерзімі 7 жылға дейін рұқсат етілген болса, олардың басым көпшілігі уақытына жетпей жатып сыр бере бастаған. Ал соңғы бір айда 42 жолаушылар көлігі жұмыстан шеттетілді. Тасымалдаушы мекемелер келісімшарт бойынша 2 жыл сайын көліктердің 20%-ін жаңалауға міндетті. Алайда олардың бірқатары бұл талаптарды орындамай отыр. Нәтижесінде жергілікті тұрғындар тозығы жеткен қоғамдық көліктермен қатынауға мәжбүр.

Айта кету керек, өңірде автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес соңғы 7 айда осындай 27 дерек тіркелген. Салдарынан 17 адам опат болып, 97-сі жарақат алды.

Ғабит Алтаев, қалалық көлік және жолаушы тасымалы секторының меңгерушісі:

- Көбі 2013-2014 жылғы. Олардың барлығы мына Қытай зауытынан шығарылған автокөліктер. Пайдалану мерзімдері әлі 5-6 жыл болғанның өзінде де бүгінгі таңда тозығы жеткендігін білдіріп жүр. Осы мәселе бойынша тасмалдаушы мекемелерге міндеттер қойылған. Бүгінгі таңда бұл жоспар тасмалдаушымен толық орындалып отыр. Ал тасмалдаушылар бұл талаптарды орындап жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы